Қазақстандық балуан Юсуф Мациев Болгария астанасы Софияда 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан күрес федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Юсуф Мациев грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін еркін жетіп, соңғы белдесуде ирандық Али Рамезанали Абедидарзимен белдесіп, есе жіберді.
Тағы бір қазақстандық балуан Дін-Мұхамед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Бұдан бұрын грек-рим күресінен Мақсат Сайлау 87 келіге дейінгі салмақта үшінші орыннан көрінген еді. Ол қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Микита Алексеевтен басым түсті.