Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық азамат Қырғызстанда полиция қызметкеріне шабуыл жасады деп күдіктелуде

0 262

Қазақстан азаматы полиция қызметкерін соққыға жықты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бішкек қаласы Ленин ауданы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 тамызда түс ауа «102» қызметіне Жас Гвардия даңғылында тәртіп сақшысын ұрып-соғып жатқаны туралы қоңырау түскен.

«Сол күні сағат 14:00-де Жас Гвардия даңғылы мен Токтогул көшесінің қиылысында бұзақылық ниетпен полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, негізсіз денесін жарақаттаған Қазақстан азаматы Қ.А. ұсталды”, –делінді хабарламада.

Тергеуге дейінгі тексеру қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы «Бұзақылық» 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Полиция қызметкері А.А., Ұлттық госпитальға жүгініпті.

Белгілі болғандай, оған мұрын сүйегінің жабық сынуы диагнозы қойылды. Сондай-ақ оң жақтағы қабырға асты аймағының көгеріп, жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған.

«2003 жылы туған күдікті К.А. Бішкек қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ленин аудандық сотының үкімімен ол үйқамаққа алынды. Анасы жазбаша өтінішпен келіп, сол күні сағат 14:00-де ұлының денесін  белгісіз адамдар жарақаттағанын айтып, оларға қатысты шаралар қабылдауды сұрады», – делінді полицияда.

Полиция қызметкері А.А. мен күдікті Қ.А.-ға қатысты тиісті сараптама тағайындалды. 2022 жылдың 18 тамызында қылмыстық іс қадағалау тәртібімен Ленин ауданының прокуратурасына жолданды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.