Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастық ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен спортшы барлығы 220 келі көтерген (95+125).
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Зульфия үшінші талпыныста 130 келіні еңсере алмаған. Дегенмен Нигериялық қарсыласынан 18 келіге озып кеткен.
Зульфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль жеңген еді.