Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері өседі

0 458

Қазақстанда жұмысынан айырылғаны үшін төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері табыстың 45%-іне дейін артады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатта «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар» бағыты бойынша 37 іс-шара көзделген.

«Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін ұлғайтылады», – деді Қуантыров.

Сондай-ақ 61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізу көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады. Бұдан бөлек, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.