Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеді – Бас прокуратура

0 2  035

Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда аса ауыр қылмыстар 4,1%-ға (1 693 – 1 624), ауыр қылмыстар 16,5%- ға (31 128 – 25 990), ауырлығы орташа қылмыстар 17,9%-ға (49 762 – 40 857), онша ауыр емес қылмыстар 9,8%-ға (17 514 – 15 793) қысқарған.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан.

671 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу әрекеттерінің саны саны 14%-ға қысқарды.

9 тұлға прокурорлар актісімен ақталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.