Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда нан өндірісі төмендеді

0 2  751

  Қазақстанда нан өндірісі төмендеді. 2021 жылғы қаңтардан қарашаға дейін елде бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8 пайызға аз нан өндірілді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылар 2021 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін елде 483,6 мың тонна нан өндірілгенін, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15 пайызға аз екенін айтты. Ең көп нан Түркістан облысында өндірілген: 119,8 мың тонна. Жетекші үштікке Алматы (56,8 мың тонна) және Ақтөбе облысы (46,6 мың тонна) кіреді. Талдауда 2020 жылы нан өндірісі 4,2 пайызға төмендегені және бұл бесінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқаны көрсетілген.

2021 жылдың желтоқсанында нан бағасы бір жылда 7,4 пайызға және бір айда 0,4 пайызға өсті. Оның ішінде қара бидай наны жылына 11,6 пайызға, жоғары сұрыпты бидай наны – 7,4 пайызға, бірінші сұрыпты ұннан – 6,9 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер арасында бір жыл ішінде нан Нұр-Сұлтан (19,3 пайыз), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (14 пайыз) және Ақмола (12,8 пайыз) облыстарында қымбаттаған. Ірі қалалар ішінде ең қымбат нан елордада, жоғары сұрыпты ұннан жасалған ең арзан бидай наны – Ақтөбеде.

2021 жылдың үшінші тоқсанында бір адамға нан тұтыну бірінші сұрыпты ұннан 8,5 килограмм бидай наны, 700 грамм қара бидай және қара бидай наны болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.