Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда мәдениет қайраткерлерін қолдауға арналған тағы бір сыйлық тағайындалады

0 171

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгеге тең.

Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.

Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» және «Үздік балет спектаклі» номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.

Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.