Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда бір тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырған

0 114

Қазақстанда бір тәулікте, яғни 11 қазанда коронавирус 50 адамнан анықталды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 26 болған еді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«12 қазандағы мәлімет бойынша, 1 039 адам коронавирус инфекциясынан (–902 + және 137 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 106 пациент стационарда, 933 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр», – делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 5 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.