Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда бензин мен дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар

0 326

Энергетика министрлігі дәл қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай өнімдерінің қанша қоры қалғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорды толықтыру процесі – тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылатын процесс.

Өндірілген мұнай өнімдерінің және мұнай базаларындағы, жолдағы көлем – күн сайынғы қор.

«Күн сайынғы қор көрсеткіші – толықтырылып отыратын көлем саналатын индикативтік көрсеткіштер және аталған күндер өткеннен кейін мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін көрсеткіштер/факторлар емес. Жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұратындығын ерекше атап өтеміз», – деп мәлім етті ведомстводан.

Министрлік ақпаратына сенсек, 23 тамыз сағат 18:00 дейін келіп түскен ақпарат бойынша еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры – 183,3 мың тонна, ал дизель отынының қоры – 221,7 мың тонна.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.