Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз күтіледі

0 353

Қазақстанда аяз, найзағай, жел күтіледі. Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды aikyn.kz

Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі, түнде солтүстікте, шығыста, орталықта топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

21 тамызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз 21 тамызда шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

21 тамызда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Күндіз 21 тамызда Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Қонаев қаласында күндіз 21 тамызда екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс бағыттан жел күтіледі.

21 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Таңертең және күндіз 21 тамызда Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

21 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с .

21 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

21 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман, облыстың шығысында жер бетінде үсік 2 градус күтіледі.

21 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

21 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысыңда тұман күтіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.