Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан тарихта бірінші рет жеңіл атлетикадан алтын медаль алды

0 864

Орегонда (АҚШ) өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтынына» қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Елімізге тарихи жеңісті сыйлаған спортшы – Нора Джеруто. Қазақстандық спортшы жарыстың негізгі фавориттерінің бірі болды. Белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) алды.

Айта кетейік, Кения тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға рұқсат алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.