Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттайды

0 186

Қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары Сауд Арабиясына ет экспорттайды деп хабарлады turkystan.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді. Олар «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).

«Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.