Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан мен АҚШ 2023-2027 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қоюға дайындалып жатыр

0 230

Қазақстан мен АҚШ 2023-2027 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қоюға дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының қорғаныс істері жөніндегі ведомстволарының үйлестіруші офицерлерінің жұмыс тобының отырысы өтті. Қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады», – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша негізгі күш-жігер әскери білім беру, бітімгершілік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби әскери-медициналық және инженерлік кадрларды даярлау мәселелерін шешуге бағытталған.

Қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың осы және басқа да аспектілері қазіргі уақытта қол қоюға дайындалып жатқан 2023-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың келесі бесжылдық жоспарында көрсетілген.

Қос тарап жыл сайынғы жұмыс кездесулерінде сарапшылар екіжақты әскери ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттарын егжей-тегжейлі талқылап, анықтай алатынын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.