Бүгін елімізде жаңа Конституцяны қабылдау бойынша республикалық референдум өтуде. Соған орай Тараз қаласындағы №48 референдум учаскесінде қазақстандық танымал балуан, дзюдо және қазақ күресінің шебері, «Қазақстан Барысы» турнирінің чемпионы Ғалымжан Қырықбай өз таңдауын жасады.
Айта кетерлігі, аталған учаскеде жалпы саны 2 724 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Оның ішінде 18 жасқа енді толған 10 адам алғаш рет өз таңдауларын жасайды.