Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан Арменияға бітімгерлерін жібермейді – Сыртқы істер министрі

0 444

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияға Қазақстаннан бітімгерлер жіберу мәселесі әзірге қарастырылып жатпағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында журналистер министрден қазақстандық бітімгерлерді Арменияға жіберу мүмкін бе деп сұрады.

«Қазір мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Мәселе олай қойылып отырған жоқ. Кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс кеңесінде Армения Премьер-Министрі ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларына Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай туралы мәлімет берді. Жалпы.ақпарат қабылданды, әрине, бізобьективті ақпарат алғымыз келеді. Өйткені екі тараптан әркелкі ақпарат түсіп жатыр. Сондықтан мемлекет басшылары ҰҚШҰ бас хатшысы оқиға орнына барып, толыққанды мәлімет алып, сол мәліметті мемлекет басшыларына баяндауы керек деген шешім қабылданды» – деді Мұхтар Тілеуберді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысының кулуарында.

Ол Әзірбайжан мен Армения арасындағы шекара делимитацияланбаған, демаркацияланбағанын атап өтті. Сол себепті шекараның бұзылғаны туралы айту қиын көрінеді.

“Қазір басты міндет армян-әзербайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен комиссияның жұмысын жандандыру керек. Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын. Өйткені біз құрлықта және тіпті теңізде де өз шекарамызды демаркациялап алғанбыз. Ресейден басқа бүкіл көршілес мемлекеттермен шекарамызды демаркациялау ісі толық аяқталған. Ресеймен шекараны демаркациялауға тағы 2-3 жыл керек шығар», – деді Сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ бас хатшысы екі елдің шекарасына барып, жағдайды бақылап, мемлекет басшыларына хабар береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.