Футболдан Грекия құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф кезеңіндегі Қазақстанмен ойында жанкүйерлер тарапынан үлкен демеу көретін болды.
Грекиялық БАҚ мәліметінше, бұл матчте бос орын болмайды. «Айя-София» стадионында өтетін ойынға 30 000 аса билет сатылыпты. Ал бұл стадионның жалпы сыйымдылығы 32 500 орын екен. Матчке дейін қалған билеттер де сатылып кетері сөзсіз, яғни, жанкүйерлер Грекия командасына үлкен қолдау болады.
Грекия – Қазақстан ойыны 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді.