Илияс БУЛАРОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі. Қайталанбас ғұмырды басынан кешірген көне Тараз бірде гүлдей жайнаса, бірде тағдыр тәлкегіне түскенімен, бәрібір өз ізін әлем тарихының беттерінде қалдырды.
орта ғасырлардан жеткен ұзын саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралар бар. Бұл қасиетті мұралар тек бір елдің, бір ұлттың мүддесі үшін емес, бүкіл Жер шарын мекен ететін адамзат үшін қызмет етіп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тарихын білмеген ұлттың болашағы да мүшкіл болуы мүмкін», – деген еді. Расында да, соңғы ғасырларда қазақ халқының болмысы үлкен өзгеріске ұшырап, тарихи жады өше жаздаған еді. Тәуелсіздік жылдарында ғана ұлттық санамыз қайта жаңғырып, тарихымызды түгелдей бастадық.
Қаланың бас жоспарына сәйкес Тараз қаласының күн санап көркейіп, сәулеттік келбеті жаңа түрге еніп келеді. Бүгінгі таңда шаһардың тазалығымен ғана шектелмей, көріктендіру мен абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Қаладағы саябақтар, скверлер және аллеялар қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Облыс әкімі, салалық басқарма басшыларының басты мақсаты – қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту. Осы жолда еңбек ете жүріп, халықтың сенімін ақтағаннан артық абырой жоқ.
Тараз қаласы келешекте, әлемдік туристік кешендердің біріне айналуы керек. Бұл бағыт бойынша мемлекет тарапынан тікелей қолдау көріп отырған Тараз қаласы әкімдігінің алға қойған мақсаттары ұшан-теңіз. Біршама жылдардан кейін ол мақсат мүдденің үдесінен шығады деп сенемін.
Болашақта барлық сала бойынша алдыңғы қатарлы, озық қаланың қатарынан түспеуі керек.
Тараздың және осы өлкенiң бай тарихын, табиғатын, жерiн ұтымды көрсете бiлсек, көне ұлттар қатарына, оның қазақ мәдениетiнiң, қазақ өркениетiнiң дамуына қосқан үлесiн, тигiзген жетiстiктерiн әлемге паш етемiз.
Баршаңызды Қала күнімен құттықтай отырып, бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Қаланың өсіп-өркендеуіне жұмыла атсалысайық!