Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақфильм» тексерістен кейін 12 көлігін сатып жіберді

0 322

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комиссия «Қазақфильм» АҚ-ға мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Тексерістің нәтижесінде акционерлік қоғам басшылығы автопаркінің бір бөлігін аукцион арқылы сатып жіберуге мәжбүр болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылдың желтоқсан айында жекелеген бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдардың активтерін басқаруға мемлекеттік аудит жүргізілді», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аудит барысында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның активтерді тиімді басқармай отырғаны анықталған. Осыған байланысты «Қазақфильмге» көліктерді одан әрі пайдалану немесе сату бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

«Акционерлік қоғам есеп комиссиясының бұйрығын орындау мақсатында мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталындағы аукцион арқылы 12 көлік сатылды», – деп түсіндірді комитетте.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.