Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақ балуаны әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0 407

Норвегияда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік додада жерлесіміз Жәмила Бақбергенова күміс медальді еншіледі, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыста әлемнің 25 мемлекетінен келген балуандар бақ сынап жатыр. Бұл – араға тоғыз жыл салып қазақстандық балуан қыздардың қол жеткізген жүлдесі. Бұған дейінгі төрт күмісті легионер қыздар құрама қоржынына салған болатын.

Жәмила Бақбергенова Әлем чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша күресті. Алғашқы іріктеу кезеңінде француз қызымен боз кілемге шығып, белдесудің бірінші бөлігінде ойсырай ұтылып жатқан. Бірақ ел намысы сынға түсіп жатқан шақта аянып қалмаған ол, соңғы сәтте жеңісті жұлып алды. Ал жартылай финалда түрік қызымен кездесті. Осыған дейін екеуара белдесуде үш мәрте Жәмила ұтылып қалған. Бұл жолы есе қайтарды. Қола тұрған финалдық жолдамадан айырылып қалмас үшін өз шеберлігін паш ете білген жерлесіміз айқын басымдылыққа қол жеткізіп, финалға шыққан. Шешуші сында кездескені байрағы қарсыласы. Бұған дейінгі төрт мәрте бақ сынап күн шығыс елінің өкілінің мерейі үстем болған. Бұл кездесу де жапон қызының жолы болып кетті. Жәмила алтынға пара-пар күміспен күптелді.

Әлем чемпионаты алдағы жексенбіде мәресіне жетеді. Қазірігі таңда қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері бақ сынауда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.