Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Автопарктер 12 жаңа автобуспен толықты

0 285

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жаңа автобустарды табыстау рәсіміне қатысты. Өз сөзінде шаһар басшысы қоғамдық көліктердің қызмет сапасын арттыру бойынша жұмыстар үздіксіз жалғаса беретінін баса айтты.

Осы күні «ТаразТрансМоторс» ЖШС тарапынан – 8, «СапарТранс-2012» ЖШС тарапынан 4 жаңа автобус пайдалануға берілді. Бұл қоғамдық көліктер №27 және №32 маршруттағы автобустарды алмастырады. Жалпы сыйымдылығы 90 адамға арналған автобустар төмен еденді, ауа баптағыштармен (кондиционер) қамтамасыз етілген.
Жалпы, қазіргі таңда қалалық жолаушы тасымалы бағытында 8 мекеме 43 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ жылжымалы құрам саны 468 бірлік автобусты құраса, оның ішінде 371 бірлік автобус күнделікті қызмет көрсетуге шығады. Қоғамдық көліктердің 321 бірлігі үлкен сыйымдылықты, 3 жылға дейінгі жаңа автобустар.
Қоғамдық көліктерді жаңарту нәтижесінде күнделікті қызмет көрсетуге шығатын автобустар саны 270-тен 360-қа дейін, жолаушылар саны 39,43 миллион адамнан 48,66 миллион адамға көбейді. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары жаңадан 11 жолаушы бағыты ашылды.
Ағымдағы жылы да бұл жұмыстар жалғасын тауып, бүгінге дейін 47 бірлік автобус жеткізілді.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.