Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыз су мәселесі – алаңдайтын шаруа

0 196

Ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды атқарушы билік назардан тыс қалдырған емес. Алайда «Барысхан» алқабына тартылып жатқан ауыз су жүйесінің сапасына жергілікті тұрғындар сенімсіздік білдірген болатын. Осыған орай, тұрғындар тілегін тыңдап, халық үніне құлақ асу мақсатында құрылыс басына арнайы бақылаушы топ барды. «Барысхан» алқабындағы бұл жұмыстардың 2-кезеңіне «Қазқұрылыс сервис» ЖШС жауапты екен.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Тұрғындармен кездесуге келген бақылаушы топтың алдына шыққан «Барысхан» алқабының кварталдық комитет төрайымы Құралай Самиева жұмыстардың сапалы жүргізіліп жатқанына күмәнмен қарайтынын айтты. «Жүргізіліп жатқан су құбырларының астына құм төселмеген, сапасыз жұмыстардың зардабын ертең халық тартады», – деген кварталдық комитет төрайымы комиссия мүшелерін қарқынды жұмыс жүріп жатқан орынға бастап барды.
Нысан басында облыстық қан орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты Гулам Умаров, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Әлібек Аманбай, №4 аумақтық округтің бас инспекторы Бекзат Болатбеков серіктестіктің жалпы жұмыс жоспарымен танысты. Анықталғандай, алқапқа су тарту бойынша былтыр басталған жұмыстардың екінші кезеңі күзге дейін аяқталады. «Қазқұрылыс сервис» серіктестігі мамандардың арнайы тексеруінен өткен жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын көрсетті. Бақылаушы топ қазылған жерлерден майда тастардың шықпағанына куә болып, «алаңдауға еш негіз жоқ» деді. Осыдан кейін бақылаушы топ кварталдық комитет төрайымы Құралай Самиеваға жұмыстардың қатаң бақылауда болатынын айтты. Әрине, алқап тұрғындары үшін ауыз су мәселесінің жедел шешілгені жақсы, бірақ оның сапасы сын көтермесе, пайдасынан зияны көп бола ма деген сұрақ туатыны орынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.