Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл төрге шықсын! Берекең үшін дауыс бер!

0 347

№1 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Ерболатұлы Олжас

Өмірбаян

Олжас Ерболатұлы 1989 жылы 26 мамыр күні Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. 2007 жылы Тараз қаласындағы №51 орта мектепті тәмамдап, 2011 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Машина жасау» мамандығын аяқтаған.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Қазіргі таңда құрылыс-жобалау саласында жеке кәсіппен айналысуда.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған.

ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылып отырған кандидат болғаннан кейін менің де бағытым – «Ауылды төрге шығару», елді мекеннің еңсесін тіктеп, әлеуметтің әлеуетін арттыру.
Атап айтсақ, ауыл мен ауыл шаруа- шылығы саласы ел экономикасын түбегейлі жақсартудағы негізгі фактор болғандықтан, сондай-ақ халықтың 42%-ы (8 миллион адам) ауылда тұрғаннан соң партияның басты назары ауыл проблемаларын шешу, агроөнеркәсіп саласын дамыту мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуда болмақ.
Партияның басым бағыттарында аграрлы секторды мемлекеттік реттеу мен қолдауды күшейту, ауыл шаруа- шылығы қызметкерлерінің мүддесін қорғау, қоғамның демократиялануы үшін саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету, нарықтық экономиканың дамуы, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпалдасу, сондай-ақ қоғамның патриоттық тәлімін күшейту бар. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын жер ресурстарының тиімсіз пайдалану, заманауи инновациялық технологиялардың баяу дамуы, тұқым және мал шаруашылығындағы көкейкесті мәселелер, аграрлы сектордағы ғылыми және ақпараттық технологиялардың даму деңгейі алаңдатады. Партия елді мекендердің дамуын кешенді түрде қамтамасыз ету үшін, ауылдың инженерлік, әлеуметтік және экономикалық әлеуетін ашу мақсатында «Ауыл инфрақұрылымы» атты мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, жүзеге асыру қажет деп есептейді. Әр азаматтың көкейінде жүрген тұрақты кіріс көзін табу, сапалы медициналық көмек алу, тұрмысты жақсарту, жеке қауіпсіздік пен құқықтық еркіндік сияқты сұрақтар партияның күнтәртібінде. Ең маңыздылары – еңбек нарығының тиімділігін арттыру, әлеуметтік көмекпен аз қамтылғандар мен жұмыссыздардың проблемаларын шешу. Рухани байлық, патриотизм, адалдық, құқықтық теңдік, ынтымақтас- тық іспеттес басты принциптерді сақтау партия құндылықтары болып табылады. Партияның басты мақсаты – Қазақстан тәуелсіздігі мен әлеуетінің нығаюына қолдау көрсету, ұлттық рухты сақтау, өмір сүру деңгейін көтеру, мәдениет, дәстүр, тіл мен ділді сақтау.

Құрметті сайлаушылар!

Маған дауыс бергендеріңіз – ауыл үшін, ел ертеңі саналған алтын діңгек өз болашағыңыз үшін дауыс беру! Ендеше, ел ішінен шыққан азаматпен және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясымен бірге болыңыздар!

 

Тапсырыс беруші: №1 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ЕРБОЛАТҰЛЫ О.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.