Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

0 1  438

Мойынқұм ауылы шаруа қожалықтарының демеушілігімен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті.

Мойынқұм ауданының орталығында өткізілген шаруа қожалықтарының демеушілігімен өткен жәрмеңкеде тұтынушылардың сұранысына ие тауарлар 30 пайыз жеңілдетілген бағамен сатылды.
Дәлірек айтқанда, сиыр еті нарықтық бағасы 2 500 теңгені, қой еті нарықтық бағасы 2 400 теңгені құраса, аталған жәрмеңкеде 1 700 теңгеден сатылды.

Сонымен қатар мал азығы санатында бір түк шөп 400 теңгеден, жоңышқа шөп түгі 700 теңгеден сатылса, 1 рулон шөп 3 500 теңгеден халық пайдасына сатылды.

Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Тулеулиев жәрмеңкеге арнайы қатысып, аталған іс-шараның өту барысын бақылап қайтты.

Жәрмеңкеде басқа да сүт өнімдері, балық өнімдері, қауын, қарбыз өнімдері сияқты ауылшаруашылық тауарлары орналастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.