Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы 24 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

0 661

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы Атамекен ауылы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында 24 млн теңгеден астам қаржы жымқыру схемасын анықтады.

Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға жалған тартып отырған.

Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.

Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын «Қазпошта» АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан.

Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды.

365.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.