Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ауыл аманаты» жобасы: Жамбыл облысында биыл 1700-ге жуық жұмыс орны құрылады

0 1  603

Жамбыл облысында биыл «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға 10,5 млрд теңге бөлінді. Аталған қаржыға 1 200 өтінімді несиелендіру көзделіп отыр. Нәтижесінде 1 672 жаңа жұмыс орны құрылады.

Жоба талаптарына сәйкес бөлінген қаражаттың 50 пайызы мал сатып алуға, қалған 50 пайызы кооперативтерге және азаматтардың жеке кәсіп ашуына бағытталатын болады.

Атап айтқанда, мал шаруашылығы бағытына 5,2 млрд теңгеге 911 өтінім несиелендіріледі. Өсімдік шаруашылығын жүргізу үшін 5,3 млрд теңгеге 289 өтінімді, жеке кәсіп ашу бойынша 1031,0 млрд теңгеге 116 өтінімді қаржыландыру жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде «Ауыл аманаты» жобасына 24 млрд теңге қаржы қарастырылып, толығымен игерілді. Нәтижесінде 4 073 өтінімге несие қаражаты беріліп, 4 350 жаңа жұмыс орны ашылды.

Егін шаруашылығы бағытында 5 жеке кәсіпкерге жылыжай құрылысына 33,7 млн теңге қаражат берілді. Мал шаруашылығы бойынша 4 007 жеке кәсіпкерге 23,5 млрд теңге несие қаражаты қарастырылып, 180 мың бас мал сатып алынды.

Ауылдық округтерде 33 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылылып, жергілікті бюджеттен бөлінген 1,0 млрд теңге қаржыға 64 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Осы бағытқа ағымдағы жылы қосымша 600 млн теңге бөлінді. 137 тіркемелі техника сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтері ауыл сыртындағы егістіктерге жұмыс жүргізу үшін 341,0 млн теңгеге айналым қаражаты беріліп, жұмыстар жүргізілуде.

Азаматтардың жеке кәсіптерін ашу бойынша 36 өтінім түсіп, 240,2 млн теңге қаражат қаралды. Атап айтқанда, 1 құс өсіру бағытына, 5 гидропоника құрылғысын орнатуға және 196,5 млн теңгеге тігін цехын, наубайхана, асхана ашу, т.б. бағыттарға берілді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.