Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аумақтық округте атқарылған жұмыс ауқымды

0 367

Көне шаһарымыз күннен-күнге көркейіп, экономикалық тұрғыдан дамып келеді. Бұған №3 аумақтық округтің де қосқан үлесі зор. Мәселен, аталған округтегі халық саны 23 500 адамды құрайды. Округ құрамына «Жiгер», «Проектировщик», «Рассвет» саяжайлары мен «Төңкерiс», «Телеорталық» тұрғын алқаптары кіреді. Сонымен қатар мұнда жалпы ұзындығы 57 шақырымды құрайтын 49 көше, 41 бұрылыс, 33 контейнер алаңы, 63 аялдама, 3 900 жеке тұрғын үй мен мен 76 көпқабатты тұрғын үй кіреді. Басқару ұйымдары қатарында 6 кварталдық, 1 саяжай комитетi қызмет атқарады.

Аумақтық округтің тазалығына да айрықша ден қойылуда. Мұндағы қоқыстарды шығаруға «Махмудов» жеке кәсіпкерлігі мен «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС жауапты. Бұдан бөлек, «Жасыл ел-Тараз» мекемесі тарапынан округке бөлінген 8 жұмысшы тазалық жұмыстарын күнделікті жүргізіп, 2 рейс күл-қоқыс шығаруда. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша учаскелік инспекторлармен бірлесіп аумақтағы күл-қоқыс және құрылыс материалдарын жолдың бойына шығарғаны үшін ескертулер беріліп, айыппұл салынды. Осылайша барлығы 27 ескерту беріліп, оның 12-сі орын-далды. Бұған қоса наурыз айында тұрғындардың қатысуымен көпқабатты үйлердің аумағына алма ағашының көшеттері отырғызылды.
Сондай-ақ округтегі №1, 2, 3, 5, 10, 23, 31 орта мектептер мен «Айша бибі» қазақ-түрік қыздар-лицейі және 3 мемлекеттік, 6 жекеменшік балабақша сапалы білім беруде. УПП-№14, УПП-№15, УПП-№16, УПП-№19 сынды 4 полиция тірек пункті халықтың қауіпсіздігін күні-түні кірпік қақпай күзетуде.
Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында да ілкімді істер қолға алынған. Соның бір дәлелі – ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 119 отбасыға, 2-тоқсанда 108 жанұяға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Округ халқының да тілегін үнемі ескеріп, өтініштеріне үнемі құлақ түріп келеміз. №3 аумақтық округте Сүлейменов көшесінің 2-бұрылысының жолын күрделі жөндеуден өткізіп, түнгі жарық орнату, «Жігер», «Проектировщик», «Рассвет» саяжайларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңын орнату, жаяу жүргіншілер жолын салу сынды өзекті мәселелер жетерлік.
Алдағы уақытта бұлар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлығы жоспарға сай шешімін табады.

Әмірхан Қанаев,
Тараз қаласы әкімінің

Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.