Шуда мектеп ішінен мұражай ашылды
От пен оқтың ортасында жүріп, бейбітшілік үшін күрескен майдангерлердің ерлігі ұмытылмақ емес. Тіпті жеңіс үшін елімізден соғысқа сан мыңдаған сарбаз аттанып, олардың көбісі майдан даласында қаза тапты.
Иә, соғыс деген сұрапыл шайқастың алаңында «Отан қорғау» деген ұлы ұғымды жүрегіне сақтап, ерлік көрсеткен ата-бабаларымызды ұлықтау – кейінгі ұрпақтарымызға парыз.
Шу ауданы, Жаңа жол ауылында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы мен қоғам және мемлекет қайраткері Сарыбай Қалмырзаевқа арналған мектеп ішінен мұражай ашылды. Бұл, сөз жоқ, батырларға деген құрмет пен тағзым.
Қарымды қаламгерді еске алды
Есімі елімізге кеңінен белгілі қоғам қайраткері, әдебиеттің алуан жанрында шығармалар жазған көп қырлы қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» және үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Жамбыл облысы мен Байзақ ауданының Құрметті азаматы Арғынбай Бекбосынның дүниеден озғанына бес жыл толды.
Осыған орай жазушы туып-өскен Қосы батыр ауылында еске алу шарасы өтіп, көпшілік дара тұлға туралы естеліктер айтып, рухына құран бағыштады.
Нұрбол – үздік режиссер
Түркістан қаласында өткен «Рухани қазына-2022» республикалық фестивалінде «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі- нің режиссері» номинациясы бойынша сарысулық Нұрбол Серкебаев үздік деп танылды.
Айта кетейік, аталған республикалық фестиваль 2018 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
500 дана кітапты сыйға тартты
Аса ауылындағы Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында жергілікті жазушы, драматург, ұстаз Қайрат Отарбаевтың «Өмірдің соқпағымен өрлеп келем» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Шараға Жамбыл облысы білім және ғылым қыз- меткерлері жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерлан Мағзымбаев пен аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев қатысып, ақынның туындысы ауыл өмірін айшықтап көрсеткенін атап өтті.
Қаламгер Қайрат Дәулетқұлұлы өз кезегінде елеп- ескере келген азаматтарға алғысын білдіріп, ауданның кітапхана қорына 500 дана кітапты тарту етті.
Дайындаған Дариха Үмбетиярова