Облыс орталығында Қала күнін кең көлемде атап өту шаралары басталып кетті. Айталық, жуырда «Құмшағал» алқабында «Көшпелі жастар» форумы өтті.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік саясатты іске асыруды мақсат еткен шара аясында жасөспірімдер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Сонымен бірге «Отбасы банк», кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі және Жұмыспен қамту орталығының арнайы мамандары жас буынға өз салалары аясында түрлі кеңес берді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен түйінделді.
Сондай-ақ осы күні қоғам назарын шаһар көшелерінің тарихына аудару, әр көшенің өзіндік атауы мен сырын жұртшылыққа насихаттау мақсатында «Көше күні» іс-шарасы өткізілді. Шара барысында кітап, қолөнер көрмелері, спорттық ойындар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Мерекелік шаралардан көпшілік көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Құрмаш Қаптағай