Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауқымды акцияға тұрғындар белсене атсалысуда

0 262

Жамбыл облысының 800 мыңнан астам тұрғыны қатысқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасуда.

Соған орай облыста акция аясында тұрғындар мен жастардың атсалысуымен көптеген тазалық және алдын алу-профилактикалық шараларын ұйымдастыру жоспарлануда.
Атап айтқанда, облыс орталығы Тараз қаласында «Күзгі тазалық» эко-акциясы шеңберінде «Сәби қоры» атындағы саябақ қоқыстардан тазартылса, өңір жастарымен «Таза қала» ұранымен Қ.Рысқұлбеков атындағы саябаққа тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акция аясындағы тазалық жұмыстары облыстың барлық ауданында өтеді. Шара барысында саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің маңын, демалушылар көп жиналатын орындарды қамту көзделіп отыр.
Сонымен қатар Байзақ ауданында ТЖД және «ҚазТрансАймақ» мекемесінің өкілдері аудан тұрғындарына алдын алу-профилактикалық шарасын жүргізуді жоспарласа, осындай түсіндіру жұмыстары Жамбыл және Талас ауданында жалғасын табады. Жуалы ауданында мектеп оқушыларымен «Таза Қазақстан – таза әлем» атты семинар, Қордай ауданында «Таза Қазақстан» атауымен «Береке» колледжінің студенттерімен, Меркі ауданында тұрғындармен кездесу өтеді. Сондай-ақ Мойынқұм ауданының жастарымен «Тазалық өзіңнен басталады» челленджі ұйымдастырылып, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінің айналасы, Т.Рысқұлов ауданында адамдар көп жүретін Ардагерлер саябағы күл-қоқыстардан тазартылады. Бұған қоса, Шу ауданында №10 колледж студенттерімен кездесу өтіп, депутаттардың қатысуымен жастарға алдын алу шарасы жүргізіледі деп жоспарлануда.

Айнура Сейділдаева

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.