Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауғанстанда әйелдер бас көтерді

0 566

Кабулда бір топ әйел көшеге шықты. Жоқшылық өткен жұрт қорқуды да қойған, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Олар «Талибан» (Талибан ұйымына Қазақстанда тыйым салынған) билігінен жұмыс істеуге кедергі жасамауды талап етті. Ереуілші әйелдер «Тамақ, жұмыс, бостандық» және «Ауғанстанды опаттан құтқарыңдар» деген ұран көтеріп шыққан.

Белсенділердің айтуынша, мемлекеттік қызметте істеп келген әйелдер қазір үйде отыр. Сондай-ақ елдің көп бөлігінде қыздардың мектепке баруына тыйым бар. Ашынған әйелдер «Жағдай бұлай бола берсе, бәріміз аштан қатамыз» дейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.