Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атышулы трансгендер Амилайды Түркияда зорлап кетті

0 770

Трансгендер Амилай Баймұратова Түркиядағы демалысы кезінде зорлық көргенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К

Ол Анадолыға демалуға барған. Сол жақтың жергілікті екі азаматымен танысқан. Әңгімелері жарасқан соң, жігіттер клубқа шақырған. Бірақ белгісіз жігіттер музыканың ырғағымен билейтін клубқа емес, тауға апарған. Сөйтіп, арам ойларын жүзеге асыруға тырысқан.

Өліп қалсам, осы екеуінен көріңдер,

— дейді видеода Амилай.

Келесі күн ол жағдайдың қалай өрбігенін баяндаған. Әлемде жақсы жігіттердің жоқтығын айтып, күйінген.

Кілең опасыз жігіттер қалған. Өзінің қалауына қол жеткізуді көздейді. Сосын келесі күні лақтыра салады. Алдап кетеді. Мен түрік жігіттері зорлады,

— дейді Баймұратова.

Бұл шынымен болған оқиға немесе оның тағы бір қойылымы. Ол жағы тек Амилайдың өзіне аян.

Бұған дейін трансгендер маусым айында алып-қашқаны туралы видео жүктеген. Бірақ онысы өтірік екені кейін белгілі болып қалды. Алып-қашу операциясына қатысқандар жалдамалы актерлер болып шықты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.