Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атышулы блогер альфонстардың ақшасы бар әйелдерді қалай анықтайтынын айтты

0 455

Жұртшылықтың назарын аударып жүретін ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіні тағы шулатты, деп хабарлайды Экспресс К.

Атышулы блогердің видеосы TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды. Онда блогер «Алматыда альфонстар қай қатынның ақшасы көп екенін білу үшін не істейтінін айтайын ба?» дейді.

 

Таңқаласың. Өзімнің басымнан өткенді айтып отырмын. Алматыда кафеде отырмыз. Қапталымызда қарны қампиған, жасы үлкендеу екі еркек отырды. Бір кезде біздің үстелге келді. Бұған дейін әр үстелге барып жүрегендерін байқадым, — дейді блогер.

 

Олар амандасып, бірі «Кешіріңіздер қыздар кімде қолмақол ақша бар, мен голд номеріне аударамын» дейді. Салтанат қанша керектігін сұрайды. Ал ол «қанша бар» деп өзіне қарсы сұрақ қояды. Қыз да қалыпспайды

 

— Мен «любой» дедім. Онда 900 мың теңге аудара аласың ба деді. Мен «давай голд номеріңді айт» дедім. Ол таңырақап қарап қалды. «Қазір ақшамды санап алайын» деп өтірік сөмкесін айналшықтап қалды. Тығырықтан шығу керек қой. Соңында 70 мың теңге берді. «900 мың керек емес деп жатыр» деді. Ең болмаса 400-500 мың деп айтуға болады ғой. Шығып бара жатқан кезде сұқаңдап, су жыландар құсап «аты кім, инстасы бар ма» деп мені қыздардан қоймай сұрады. Альфонстар ақшасы бар қатындар осылай өтірік сөйлесіп, анықтайды екен, — дейді блогер.

Блогердің бұл видеосы әлеуметтік желі қолданулыраның қызу талқысына түсті. Бірі «Еркектердің біразы сондай болып кеткен», «Абай болыңдар» десе, енді бірі «Ақшаңның бар екенін айтып, мақтанып отырсың ба», «Жүр сөйтіп, кім көрінгенмен танысып» деп блогердің өзіне ұрысып тастаған.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.