Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атышулы Алтынай Жолдыбаева хиджабты шешіп тастауының себебін түсіндірді

0 9  441

Әнші әрі актриса Алтынай Жолдыбаевадан оқырмандары образдарының бұлайша тез өзгеруіне не себеп болғанын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі хиджабқа үйренісе қоймағынын айтты.

“Өкінішке орай хиджабты күнделікті өмірде киіп жүруге үйренісе алмадым. Парақшамдағы хиджабтағы суреттер Меккеден. Ол жердің тәртібі солай. Әйел орамал тағып, жабық киініп жүруге міндетті. Қазір өзім де жабық киімдерді ұнатып жүрмін. Бұл менің кішігірім жеңісім. Барлығы өз уақытымен”, – деп жазды актриса.

Әнші оқырманның “қай елге саяхаттағың келеді?” деген сауалын да жауапсыз қалдырмады.

“Саяхат деуге келмес. Меккеге барғым келеді. Қатты сағынып жүрмін. Меккеде жүрген кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес”, – деп жауап берді Алтынай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.