Атырау қаласында шаң тәріздес тұман пайда болды деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті басылымының хабарлауынша, Экология департаменті қаланың не себепті түнеріп кеткенін тап басып айта алмаған.
– Бүгін 2022 жылдың 9 тамызында Атырау қаласында шаң тәріздес тұман пайда болуына байланысты Атырау облысы бойынша экология департаментінің Зертханалық – талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізу үстінде, – делінген ресми хабарламада.
Пропарка, Химпоселок, қаланың оң жақ бөлігіндегі кәріздік тазарту қондырғысынан ауа сынамасы алынды. Ал қала тұрғындары резерватта қамыс өртенуі мүмкін деген болжам айтып отыр.