Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қателескен екенмін» – Мемлекет басшысы Путин жөнінде айтты

0 748

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Ресей президенті Путин жөнінде қателескенін мойындады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы myc.news порталы мәлімет таратты.

«Мен «Солтүстік тасқын-2» газ құбырына ынта білдіргеніме қателескен екенмін. Біз еуропалық әріптестеріміздің ескертулеріне қарамай, Ресейдің соңғы үмітін сақтап қалып едік», – деді ГФР президенті.

Сонымен бірге ол Путиннің өз елін экономикалық, саяси және моральдық тұрғыда толық күйретіп тастайтынына сенбегенін айтты.

Штайнмайер Германияның Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту саясаты жолында күресіп жүрген санаулы саясаткерлерінің бірі еді. Ол «Солтүстік тасқын-2» жобасын іске асыруға мүдделі болды. Сол үшін үнемі Еуропа Одағы мен Украинадағы әріптестерінен сөз естіп жүрді.

Енді Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін өзінің қателескенін мойындауға мәжбүр болып отыр.

«Осындай адамға сеніп келгенімен өкінемін», – деді Германия президенті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.