Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш электронды түрде қабылданады

0 403

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік деңгейінен төмен отбасыларына тағайындалып, төленеді. Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен кедейлік шегінің арасындағы айырмасы ретінде анықталады.
АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Сонымен қатар АӘК тағайындалған аз қамтылған отбасылардың мектепке дейінгі жастағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың орнына 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5 175 теңге) қосымша төлем ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан төленуде.
АӘК төлеудің басты мақсаты – отбасы мүшесінің еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматын «Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына» қатыстыру. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы аясында АӘК алушыларға бос жұмыс орындары ұсынылып, отбасының өмір сүру деңгейін жақсарту көзделген.
Жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда отбасының барлық мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.
2023 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айын қоса алғанда отбасының жиынтық табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен аспайтын 3 057 отбасының 14 969 адамына 1 332,5 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Ақпараттық жүйеде 2023 жылдың ІІІ тоқсанында АӘК алушы отбасы ретінде тіркелген азаматтарға СМС хабарлама арқылы өтініш автоматты түрде келесі тоқсанға жасақталуда. Енді СМС хабарлама келмеген отбасылар АӘК-ке «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы немесе «Мансап орталығына» өтінішпен жүгінуіне болады.

Гауһар ОЛЖАБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.