Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады?

0 619

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) табысы кедейлік деңгейінен төмен отбасыларына тағайындалып, төленеді.

Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде анықталады. АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Сонымен қатар АӘК тағайындалған аз қамтылған отбасылардың мектепке дейінгі жастағы балаларына –кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың орнына 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5 175 тг) қосымша төлем ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан төленуде.
АӘК-ті төлеудің басты мақсаты отбасы мүшесінің еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматын нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру болып табылады. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы аясында АӘК алушыларға бос жұмыс орындары ұсынылып, отбасының өмір сүру деңгейін жақсарту көзделген.
Жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда отбасының барлық мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.
2023 жылдың қаңтар айынан сәуір айын қоса алғанда, отбасының жиынтық табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен аспайтын 2 671 отбасының (13 025 адамына) 671,8 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.
Ақпараттық жүйеде 2023 жылдың 1-тоқсанында АӘК алушы отбасы ретінде тіркелген азаматтарға, СМС-хабарлама арқылы өтініш автоматты түрде келесі тоқсанға жасақталуда. СМС-хабарлама келмеген отбасылар АӘК-ке «Электрондық үкімет» www.e-gov.kz порталы арқылы немесе Халықты жұмыспен қамту орталығына (Желтоқсан көшесі, 78 үй) өтінішпен жүгінуіне болады.

Гаухар Олжабаева,
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.