Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі?

0 320

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай түрінде тағайындалып, төленеді.

Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен кедейлік шегінің арасындағы айырмасы ретінде анықталып, тоқсан сайын тағайындалады.
Сонымен қатар АӘК тағайындалған аз қамтылған отбасылардың мектепке дейінгі жастағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың орнына 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5 538 тг) қосымша төлем төленеді.
АӘК-ті төлеудің басты мақсаты – шартты ақшалай көмек алатын отбасыларының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру. Өз кезегінде, аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарына бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы аясында АӘК алушыларға бос жұмыс орындары ұсынылып, отбасының өмір сүру деңгейін жақсарту көзделген.
АӘК-ке үміткер отбасының материалдық жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, үміткер отбасының мұқтаждығын анықтайтын, яғни атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы аумақтық комиссияның қорытындысы негізінде шешім қабылданады.
Учаскелік комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай серіктестіктерінің халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, 11 аумақтық округ бойынша учаскелік комиссия құрамы Тараз қаласы әкімінің қаулысымен бекітіледі. Барлығы 11 аумақ бойынша комиссия құрамына 94 азамат жұмылдырылған.
Шартты ақшалай көмектің еңбекке жарамды азаматтары жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда отбасының барлық мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.
Атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген 318 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылды. Бас тарту себептері: отбасы құрамында зейнеткер ата-аналарының басқа да туыстарының бірге тұру фактілерін жасырып, АӘК алушы жалған ақпарат ұсынғаны үшін, жекеменшігінде жылжымайтын мүлік немесе жер телімі, сонымен қатар бірнеше жеңіл автокөлік бар екендігі ақпараттық жүйеден анықталып және көрсетілген мекенжайда нақты тұрмайтыны айқындалып, дәлелді құжаттарымен (фото, видеоматериалы қоса тіркеліп), АӘК-ке мұқтаждығын айқындау өлшем-шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты, еңбекке қабілетті азаматтары жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысудан бас тартуына байланысты, отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты учаскелік комиссия қортындысымен АӘК тағайындаудан бас тартылды.
2024 жылдың қаңтар айының есебімен Тараз қаласы бойынша, отбасының жиынтық табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен аспайтын 1 746 отбасының (8 537 адамына) 123,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасты қоса алғанда балаларға 15,4 млн теңге қосымша төлем тағайындалып төленді.
«Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесінде 2024 жылдың 4 тоқсанында АӘК алушы отбасы ретінде тіркелген азаматтарға, СМС-хабарлама арқылы өтініш автоматты түрде келесі тоқсанға жасақталуда. СМС-хабарлама келмеген отбасылар, АӘК-ке «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы немесе Мансап орталығына (Желтоқсан көшесі, №78 үй) өтінішпен жүгінуіне болады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға, көмектің тағайындалғаны немесе бас тартылғаны туралы мәліметті «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталында жеке кабинетінен жүктеп алуына қолжетімді.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.