Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атадан қалған асыл мұралар ардақталды

0 365

Қазақта «ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. Ол бес қаруға– садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар жатады.
Ертеде жалпыхалықтық мерекелерде қос алыптың сайысы өтіп, осы бес қару-жарақтың кейбір түрлері де пайдаланылған. Бабадан қалған бай дәстүрді жаңғырту, болашақ ұрпаққа нәсихаттау мақсатында Наурыз мерекесіне орай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ер қаруы – бес қару» атты фестиваль өтті.
Садақ ату, кол күрес ұлттық ойындарға жалпы 6 команда қатысып, жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталды.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.