Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атқарылған жұмыс ауқымды

0 331

Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары бірлесе азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін мониторингтік топпен әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Апта сайынғы жүргізілетін мониторинг нәтижесінде қаладағы үй жанындағы шағын 30-дан астам азық-түлік дүкендері қамтылды. Сонымен қатар қаладағы 5 ірі сауда орталығында әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіліп, талдау жасалды.
2023 жылдың жартыжылдығындағы Негізгі капиталға салынған инвестиция көлеміндегі индикаторлық көрсеткішке қол жеткізу мақсатында қала аумағындағы 2023 жылы ашылған, құрылыс жұмыстары жаңадан аяқталған кәсіпкерлік нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 57 кәсіпкерлік нысан анықталып, маусым айында статистика департаментіне 1-Инвест статистикалық есебін тапсыру бойынша Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік нысандардың тізімі хатпен жолданды. Қала аумағындағы кәсіпорындармен 1-Инвест статистикалық есебін тапсыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе жергілікті атқарушы орган белгіленнен тыс жерлердегі сауда орындарын ретке келтіру мақсатында «Мыңбұлақ» ш.а. және Тәуке хан көшесінің бойындағы заңсыз сауда-саттықпен айналысушыларға ескерту хаттары беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы полиция басқармасының жыл басынан бері мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабы бойынша 94 875 тг мөлшерінде 7 айыппұл, 505-бап бойынша 247 500 тг мөлшерінде 6 айыппұл салынып, қазіргі таңда 5 айыппұлдың сомасы толықтай өндірілді.
Қала әкімінің орынбасары Қ.Исмаилдың төрағалығымен Қ.Рысқұлбеков саябағында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, қаржы бөлімі, тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қызметкерлерінің және кәсіпкерлердің (30 кәсіпкер) қатысуымен әрбір шаршы метр жер есептеліп, шаршы метріне төлем ақысын ұсыну туралы кәсіпкерлерге хат жолданды.
Қазіргі кезде кәсіпкерлер шаршы метрге төленетін айлық көлемін (арендасын) қарастыруда.
Алдағы уақытта «Жеңіс» саябағында жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлермен шаршы метрге төленетін айлық көлемін (арендасын) есептеп шығару жоспарлануда.

А.Алтай,
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.