Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының бір топ азаматын марапаттады

0 66

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Президент Жарлығымен елдіміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін:

«Құрмет» орденімен

1. Өтелбаев Мағауия Мейірбекұлы – «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС гидротехнигі, Тараз қаласы

2. Сарбасов Бейсенбек Маханұлы – «Жылы бұлақ – Меркі» ЖШС аға шопаны, Жамбыл облысы;

үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

3. Байділдаев Марат Тайтеліұлы  – «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері, Жамбыл облысы

4. Байтұрсынов Бақытбек Тұлымханұлы – «Бурное сүт компаниясы» ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

5. Өтениязов Садуақас Әбдіназарұлы – «Talas Investment Company» ЖШС сорғы қондырғылары машинисі, Жамбыл облысының Талас ауданы

6. Пичиневский Андрей Анатольевич – «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС дәнекерлеушісі, Жамбыл облысы

7. Сағындықов Жұмабек – «Жасыл Ел Тараз» ЖШС учаске аула сыпырушысы

8. Сәтбаев Елубай – «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС автотиеуіш жүргізушісі, Тараз қаласы

9. Туранов Райм Мансурович – «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының слесары-жөндеушісі, Тараз қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

10. Жолымбеков Сайлаубек Пашайұлы – «Мерке ет комбинаты» ЖШС мал дәрігері, Жамбыл облысы

11. Голубцов Андрей Анатольевич – «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ энергоблок машинисі, Тараз қаласы

12. Жуковская Татьяна Александровна  – Ali-Ko Sut 2023» ЖШС бас технологі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

13. Қожамқұлов Нұрталап Қуантайұлы – «Рысбаева и Ко» ЖШС баспагері, Тараз қаласы

14. Сүгірбаева Шынар Асыранқұлқызы – «Амир и Д» ЖШС технологі, Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.