Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ашық жүрек» алаңы

0 198

«Ашық жүрек» еріктілердің аймақтық жастарды үйлестіру орталығы ашылды. Облыс орталығында ашылған бірлестіктің міндеті – жастар арасында волонтерлік қозғалысқа серпін беру, әлеуметтік-қоғамдық проблемаларды шешуге атсалысатын жастардың жұмысын үйлестіру, волонтерлік қозғалыстың қағидасын түсіндіру.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, Жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов, Тараз өңірлік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев және «Jas Otan» Жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Медет Нұрділдаұлы қатысты.


Жиын барысында кездесуді ашқан Серікбол Берікқожа еріктілерді құттықтап, жастардың көптеген маңызды бастамаларына мемлекет тарапынан моральдық және қаржылай көмек көрсетілетіндігіне тоқталып өтті.

– Еріктілер орталығын «Қазақстан еріктілері лигасы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-пен бірлесіп, «Ашық жүрек» жобасын іске асыру гранты аясында ашты. Ұлттық жоба аясында нақты жергілікті проблемаларды шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін және еріктілер бастамаларын қолдау үшін шағын гранттарға конкурс жарияланып отыр. Конкурс 2020 жылғы 4 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 19 қыркүйекке дейін өткізіледі, – деді орталық директоры Бауыржан Жұмат.

Қазіргі таңда орталықта 200-ден астам ерікті тіркеліпті. Болашақта олардың саны кем дегенде 900, ал елімізде 20 мыңнан асатын көрінеді. Жұмыла көтерген жүктің жеңілдігімен қатар, бірлесе жасаған еңбектің де жемісі орасан екені белгілі. Ең бастысы, мақсат айқын, бағыт анық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.