Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ашықтық сөзбұйдаға салмайды

0 386

Жалпы соңғы жылдары біз сыбайлас жемқорлық, сөз байласу жайында жиі айтып, жиі көтеріп жүрміз. Әрине, бұл қоғамның дамуына кедергі болар кереғар дүниелерден қашық болу – әр азаматтың парызы.

Бастысы, ашықтық сөзбұйдаға салмайтынын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан біздің мекемеде қызмет алушыларға ашықтық, ақпараттарға қолжетімділік жағдайы жасалған. Қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері бұзылмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына келіп түскен арыз-шағымдар жоқ. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талаптарын қатаң орындау бөлім қызметкерлері назарына ұсынылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша іс-шара бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, бөлімнің барлық мемлекеттік қызметкерлері мен олардың жұбайлары салық органдарына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бас назар аударылған.
Бөлімде 54-47-05 сенім телефоны жұмыс істейді. «Жамбыл-Тараз» газетінде бөлім басшысы мен орынбасарларының қабылдау кестесі жарияланды.
Бөлім басшысының қабылдау кестесіне сәйкес, маусым айының соңына дейін 81 азамат жеке қабылдауында болып, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктемелер берілді. Бөлім басшысының орынбасарының қабылдауында 62 азамат болды. Сұрақтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, жәрдемақы тағайындау, емделуге жолдама алу, жөргекпұл алу және тағы сол сияқты мәселелерді қамтыды. Жыл басынан бүгінгі күнге Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес, бөлімге 4 420 құжат келіп түсті, оның 3 597 мақұлданса, 823-не бас тартылды.
Бөлімге 2023 жылдың 5 айында жалпы жеке тұлғалардан 115 өтініш, заңды тұлғалардан 16 өтініш келіп түскен. Келіп түскен өтініштер заң талаптарына сәйкес қаралып, уақытылы жауабы берілді. 2023 жылдың бес ай ішінде бөлімнің кіріс құжаттары саны 1 117, шығыс құжаттары саны 942 хатты құрады.
Бөлімде 4 сектор мен 26 мемлекеттік ызметші 15 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Атап айтқанда, 2023 жылы 5 айда 18 936 қызмет көрсетілді. Оның ішінде бөлім арқылы 1 808 (9,5%), мемлекеттік корпорация арқылы 8 704 (46,0%), веб-портал арқылы 8 424 (44,5%) қызмет көрсетілді. Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесі төмендетіліп, қызметтерді электронды түрде көрсету үлесінің артуына, көрсетілетін қызмет сапасына аса мән берілген. Осыған сәйкес жыл басынан бері мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері бұзылған жоқ және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған тапсырмаларды орындау мақсатында әлеуметтік желілерде (Facebook, instagram) бөлімнің ресми парақшалары ашылып, жұмыс жасауда. Аталған парақшалар тұрғындарға қажетті ақпарат жеткізуге және олардың сауалдарына жауап беруге мүмкіндік береді.
«Ашық әкімдік» жобасына орай бөлім басшысының кабинеті ғимараттың бірінші қабатында орналастырылып, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында шыны қабырғалармен безендірілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Гауһар ОЛЖАБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.