Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Асқаров көшесі тақтайдай тегіс болады

0 217

Жол – экономиканың күретамыры. Тақтайдай тегіс жол тұрғындардың өмір сапасына, тіршілігінің тіктелуіне тікелей әсер ететіні белгілі. Қалада қазір бұл бағытта жарқын жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – А.Асқаров көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары.

Ғ.Байтасов көшесінен бастап А.Асқаров көшесіндегі айналма жолға дейінгі аралықты қамтитын жобаның жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайды. Құрылыс мердігері – «ЕрНұрЖан Құрылыс-2010» ЖШС. Қазіргі таңда онда жол негіздемесі әзірленіп, жиектастар (бордюр) қойылуда.

Қаланы дамытудың үш жылдық жоспарында жолдарды жөндеуге баса назар аударылған. Нәтижесінде кейінгі 3 жылда Тараз қаласында 420 көшеге асфальт төселді. Бұл да кейінгі жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың бірі.
Айталық, 2024 жылы 95,3 шақырымды құрайтын 127 көше орташа жөндеуден өтті. «Победа», «Береке», «Юбилейный», «Химик», «Жамбылстрой», «Комунальник», «Лето», «Ветеран» тұрғын алқаптарында ұзындығы 73,8 шақырымды құрайтын 165 көшеге шағалтас төселді. Сондай-ақ былтыр шағынаудандардың ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биылдың өзінде 96,7 шақырымды құрайтын 113 көше мен жаяу жүргінші жолдары орташа жөндеуден өтті. Бұдан бөлек, 20 саяжайдағы ұзындығы 34,6 шақырымды құрайтын 100 көшеге шағалтас төселді. Жылдар бойы шешімін таппаған «Бурыл А,Б,В», «Барысхан» тұрғын алқаптарында да жолдар жөнделіп, тұрғындар қуанышқа кенелуде. Осы бағыттағы ілкімді істердің арқасында қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 65-тен 75 пайызға дейін артпақ.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.