Қалалық қоғамдық-саяси газет

Асқар Маминнің ұсталғаны рас па?

0 332

Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Асқар Маминнің қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болды.

Бұрынғы Премьер-министр Асқар Мамин үйқамаққа алынды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды, – деп хабарлайды Экспресс К.

Оған «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкерлері Асқар Маминнің оралуы мүмкін екенін айтқан. Бірақ журналист бұған асығыстық танытудың қажеті жоқ деп отыр.

«Өйткені бірнеше дереккөздерге сүйенсек, ол қазір үйқамақта. Себебі Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы болуы мүмкін. Айтпақшы, Мәсімовпен екеуі сыныптас», – деп жазды Козачков.

Асқар Мамин 2019 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін Қазақстан Үкіметін басқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған қызметінен кетерінде алғыс айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.