Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Асқақ рухты Әулиеата» атты поэзия кеші мен әдеби-мәдени байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«Туған жері тағдырлы перзентінің есімін ешқашан ұмытпауы керек» деген өрелі ұстанымды ту еткен кеш шымылдығы А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің жергілікті қаламгерлердің шығармаларынан құралған әдеби композициясымен түрілді.
Поэзия кешіне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар,белгілі өнерпаздар мен әдебиет майталмандары, БАҚ өкілдері қонақ болды.
Кеш барысында ұлттық өнер, өңір қаламгерлері мен композиторларының шығармашылығы ұлықталып, жыр мен әуеннің үйлесімі арқылы көрерменге рухани ләззат сыйланды. К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртістері – Әсел Уашева, «Кәусар» вокалдық ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ әнші Асыл Ұлықман мен республикалық “Маралтай оқулары”байқауының жеңімпазы Батырхан Боранбек те өз өнерлерін ортаға салды. «Ашық микрофон» айдары да көңілдегі көркем ойды, жүректегі жырдың ыстық лебін еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, поэзия кеші барысында тараздық жас суретші Тұрар Әбумансұр жырдың нәзік өрімін қылқаламмен бейнелеп, поэзияның тілін сурет арқылы жеткізді.
«Асқақ рухты Әулиеата» әдеби-мәдени байқауының қазылар алқасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүсіпбек Қорғасбек, ақын, Жамбыл облысының құрметті азаматы Маралтай Райымбекұлы, сатирик, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлы және ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, республикалық «Алтын тобылғы» конкурсының бас жүлдегері Хамит Есеман болды. Қазылар өз кезегінде қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық шабыт тіледі.
⚜️ “АСҚАҚ РУХТЫ ӘУЛИЕАТА” ӘДЕБИ-МӘДЕНИ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
📍 Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Асқақ рухты Әулиеата» атты поэзия кеші мен әдеби-мәдени байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
⚡️ «Туған жері тағдырлы перзентінің есімін ешқашан ұмытпауы керек» деген өрелі ұстанымды ту еткен кеш шымылдығы А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің жергілікті қаламгерлердің шығармаларынан құралған әдеби композициясымен түрілді.
📌 Поэзия кешіне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар,белгілі өнерпаздар мен әдебиет майталмандары, БАҚ өкілдері қонақ болды.
🖇️ Кеш барысында ұлттық өнер, өңір қаламгерлері мен композиторларының шығармашылығы ұлықталып, жыр мен әуеннің үйлесімі арқылы көрерменге рухани ләззат сыйланды. К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртістері – Әсел Уашева, «Кәусар» вокалдық ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ әнші Асыл Ұлықман мен республикалық “Маралтай оқулары”байқауының жеңімпазы Батырхан Боранбек те өз өнерлерін ортаға салды. «Ашық микрофон» айдары да көңілдегі көркем ойды, жүректегі жырдың ыстық лебін еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, поэзия кеші барысында тараздық жас суретші Тұрар Әбумансұр жырдың нәзік өрімін қылқаламмен бейнелеп, поэзияның тілін сурет арқылы жеткізді.
🟥 «Асқақ рухты Әулиеата» әдеби-мәдени байқауының қазылар алқасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүсіпбек Қорғасбек, ақын, Жамбыл облысының құрметті азаматы Маралтай Райымбекұлы, сатирик, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлы және ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, республикалық «Алтын тобылғы» конкурсының бас жүлдегері Хамит Есеман болды. Қазылар өз кезегінде қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық шабыт тіледі.
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған республикалық әдеби-мәдени байқауға биыл 120-дан астам үміткер жеті номинация бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Атап айтқанда: «Проза», «Поэзия», «Әдеби сын», «Драматургия», «Сатира», «Аударма», «Балалар әдебиеті» бағыттарында өтінімдер қабылданды. Сондай-ақ, биыл “Таразстрой 2004” компаниясының басшысы Мейірбек Жүнісовтің демеушілігімен Күләш Ахметова атындағы арнайы жүлде тағайындалды.
Мерекелік кеш барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, шығармашылық жолдың сабыр мен табандылықты, ізденіс пен талпынысты талап ететінін атап өтті. «Осы жолда жаңа биіктерді бағындырып, тың тақырыптарды игеріп, елдің рухани мұрасын байыта түсулеріңіз – сіздердің басты парыздарыңыз. Біз, өз тарапымыздан, әдебиетке қолдау көрсетуді, таланттарды танытуды және жас буынның қалыптасуына жағдай жасауды жалғастыра береміз», – деді аймақ басшысы.
Байқау нәтижесінде: «Проза» номинациясы бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы жүлдені – Алматы облысынан Бейбіт Сарыбай, «Поэзия» номинациясы бойынша Жамбыл Жабаев атындағы жүлдені – Шығыс Қазақстан облысынан Олжас Қасым, Несіпбек Дәутайұлы атындағы «Әдеби сын» номинациясын – Наурызбек Саршаев, «Драматургия» номинациясы бойынша Әлдихан Қалдыбаев атындағы жүлдені – астаналық Маржан Ершу, Шона Смаханұлы атындағы «Сатира» номинациясын – жамбылдық Нұржан Әліш, «Аударма» номинациясы бойынша Шерхан Мұртаза атындағы жүлдені – Шымкент қаласынан Арайлым Мұраталиева, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша Совет Әлімқұлов атындағы жүлдені – жамбылдық Көсемәлі Сәттібайұлы иеленді. Ал Күләш Ахметова атындағы арнайы жүлде атыраулық Әлия Дәулетбаеваға табысталды.
