Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Арызыңды ал деп 10 миллион теңге ұсынды»: Шымкенттік полицей басшысының үстінен шағымданды

0 186

Шымкенттік полицей Жергілікті полиция қызметінің басшысының үстінен арызданып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына видеоүндеу жолдады. Оның айтуынша, бастық ұзақ уақыт бойы қымбат заттар сатып алуға мәжбүрлеп келген. Ал, оның үстінен арыз жазса іс бір орыннан қозғалмайтын көрінеді.

Видеоүндеуді журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында жариялады. Онда шағымданушы азамат өзінің Шымкент қалалық Полиция департаментінде рота командирі болып жұмыс істейтінін айтқан.

«Мен бұған дейін ІІМ-ге Шымкент қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы М.Бұхарбаевтың үстінен рапорт жазған болатынмын. Ол өзінің қызметін асыра пайдаланып, маған қымбат заттар сатып алғызды. Дәлел заттарды мен тергеушілерге өткіздім. Алайда, осыншама дәлелдің бар екеніне қарамастан М.Бұхарбаев әлі күнге дейін өзінің жұмыс орнында отыр. Мұны қалай түсінуге болады? Істі Шымкент қалалық ҰҚК-ге өткізген, бірақ арты сұйылып кетті. белгісіз адамдар маған хабарласып, рапортты кері қайтарып алуымды, сол үшін 10 млн теңге беретіндерін айтып жатыр. Алайда, мен адал полицеймін, мұндай іске бармаймын. Неге Департамент басшысы Ералы Жұмағамбетов мұндай қызметкерді әліге дейін орнында ұстап отыр? Құрметті Президент, мен Қазақстандағы барлық полицейдің өзі ісіне және халыққа адал болғанын қалаймын. Маған көмек беруіңізді сұраймын», – делінген полицейдің шағымында.

Еске салайық, бұған дейін Михаил Козачков өзінің facebook парақшасында дәл осы полицей мен оның бастығы арасындағы жазбалардың көшірмесін жариялаған болатын.

azattyq-ruhy.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.