Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

0 461

Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев 74 жасында дүниеден өтті. 
Ақорда белгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың қайтыс болғанын хабарлады.
Ғарышкер 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Фабричное ауылында дүниеге келген.
Талғат Мұсабаев – Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. Ол 2007–2016 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды. 2017–2023 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.

Мемлекет басшысы ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

– Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

aqorda_resmi

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.