Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарымды қаламгерге құрмет

0 560
Республикалық «Salyq tartibi» газетінің Директор-бас редакторы, қарымды қаламгер Ғалым Қасабай 63 жасқа толды. Ғалым Иенбергенұлының есімі мен еңбегі қолына қалам ұстаған қауымға жақсы таныс. Сонау 90-шы жылғы тоқырау кезеңінде «Salyq tartibi» басылымының жұмысын жолға қойып, сол арқылы халықтың нарықтық сауатын ашуға күш салды.
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қарымды қаламгерді мерейтойымен арнайы құттықтап барды.
– Саналы ғұмырыңызды қазақ журналистикасының дамуына арнап, әрдайым өзіңізді қарымды қаламгер, білікті басшы, мықты менеджер ретінде көрсетіп келесіз.
Кешегі Арғынбай Бекбосын, Баттал Жаңабайұлы сынды журналистика жампоздарының ізін лайықты жалғап, аймақ айнасы – «Ақ жол» газетінің де көшін өрге сүйредіңіз. Осы жылдар ішінде қаламды қару, қағазды серік еткен қаншама жас журналистердің қанатын қатайтып, қияға самғаттыңыз. Олардың барлығы дерлік қазір баспасөз саласында өз орындарын айшықтаған білікті маманға айналды. Бүгінде республикалық «Салық тәртібі» газетін басқарып, халықтың қаржылық һәм нарықтық сауаттылығын арттыруға қомақты үлес қосып келесіз. Бірнеше аудандық басылымды бір арнаға тоғыстырып, жұмысын жүйелеуіңіз де – қазақ журналистикасының дамуы жолында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқаныңыздың айқын айғағы, – деген шаһар басшысы журналистика жампозына сый-сияпаттарын табыстады.
Ғалым Иенбергенұлы да өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.