Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарым-қатынас жарасымдылығы

0 333

Талас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы аудандық семинар Талас ауданының білім бөліміне қарасты білім ұясы – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде жоғары деңгейде өткізілді.

Шара барысында зорлық-зомбылықтың педагогикалық-психологиялық табиғатын айқындау арқылы оның алдын алудағы психолог жұмысының негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру көзделді.
Алғашқы болып сөз алған Талас аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов бала тәрбиесіне бағытталған іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар туралы кеңінен айта келе, педагог-психологтарға кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тәрбиесінде кеш қалмауға, қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармай, бойларындағы адами қасиеттерді сақтау, әдепті де тәртіпті тұлға болып өсулеріне ықпал етіп тәрбиелеу керектігін жеткізді.
Келесі кезекте Талас аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Жазықпаева семинар бағдарламасымен таныстырып қоғамда зорлық – зомбылықтың болмауына ықпал етуге, жасөспірімдерге құрметпен қарауға шақырды.
Басқосу аясында Д.Қонаев атындағы орта мектептің педагог-психологі А.Шарипова «Жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылықтың түрлері және алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, іс – тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог- психологі Н.Жарылқасымованың «Отбасындағы қарым – қатынастың бала психологиясының дамуына ықпалы», Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінің педагог- психологі Э.Нургожаеваның «4 – сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбындағы баяндамалары мен авторлық бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынды. Олардың баяндамасында білім алушының ішкі жан дүниесіне үңілу, әр бала – бір жұлдыз, оның жарқырауына жәрдем ету – басты ұстаным екені кеңінен айтылды.
Бұдан кейін М. Әуезов атындағы орта мектебінің педагог- психологі А. Адилова «Қатыгездіксіз және зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ой қозғап, психолог кеңесін үйлестіре келе, келеңсіз іс – әрекет орын алған жағдайда сабыр сақтап, жағдаяттан шығу жолдарын жеткізсе, лицей мектебінің педагог- психологі А.Назарбекова «Көңіл күйі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Сенімнің жүгін арқалап, әр қадамын нық басуға, келешек бүгіннен де нұрлы болатыны; ертеңгі күнге деген үкілі үмітке жетелеп, психологиялық оң ахуал қалыптастыруы – педагог-психологтардың рухын жанып, іс-шара шырайын аша түсті. «Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс» дегендей, семинарға қатысушы педагог – психологтар семинарға жоғары баға берді.
Шараны қорытындылаған Талас аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Жазықпаева өзінің іс – тәжірибесімен бөлісіп,мазмұнды еңбегімен танылған педагог-психологтарға білім бөлімінің Алғыс хатын табыстады.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс!

Дина Битенова,
Д.Қонаев атындағы орта мектебінің педагог-психологі
Қаратау қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.